SC-PR.RU - Сценарии праздников
Сценарии праздников, сценарии дня рождения, сценарии свадьбы, сценарии вечеринок, сценарии корпоративов, сценарии мальчишников, девичников

Сценарий казахского праздника

Тақырыбы: «Айдидарлы АНАШЫМ»
Категория: Сценарии на Казахском языке

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Жүргізуші:
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді.
Жүргізуші:
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе ортаға бастауыш сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.
Акжол:
Мереке құтты болсын аналарым,
Мәпелеп еркелеттің аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым!
Жазира:
Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,
Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ердаулет:
Қош келіпсіз құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыздың құрметіне 3 «Б» сынып квартетінің орындауында «Ай дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Сүгір» биі орындайтын кішкентай бүлдіршініміз Жанарбек Айым
Жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-дей отырып Жаннаның орындауында «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Балаға ең жақын, сіз-аналар, сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар.Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл -Ана.Ендеше, құрметті аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар!
Шағын орталық тобының балалары
Жүргізуші:
Жігіттердің биші аяғы
Билемесе тұра алмас.
Мерекеде би билесе
Қандай ана қуанбас!
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Гаухарды қарсы алайық
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке қыздың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Гаухардың орындауында ән «Анашым қартаймашы»
Жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын баласы бар.Сондай балалардың бірі Мөлдір.
Мөлдірдің орындауында «Қошақаным»
Жүргізуші:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - ән шырқалар бақытымен, бағымен -Мирастың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Мектепалды даярлық тобының құттықтауы
copyright - http://sc-pr.ru
Жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.
Жүргізуші:
Бұралып Мадина біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам -«Шығыс» биі ортада Мадина
Жүргізуші:
Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен
Ән айтпақшы қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен,- дей келе ортаға «» әнімен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Бүлдіршіндер келді міне толқып, тасып - «Қазақ жігіті» биі қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Ақбота:
Анам менің аялап,әлдилеген,
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген.
Дәмі кетпес ақ сүтің аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған.
Анашым алдыңызда қарыздармын,
Өтеуден оны ешқашан бас тартпаймын.
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаул
Құрметті қонақтар, біздің «Айдидарлы анашым» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Жүргізуші: аған шам-шырағы.
Жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Автор сценария:
Северо-Казахстанская область, Тайыншинский район, "Келлеровская средняя школа"
Воспитатель предшкольный подготовка Ханый Бейбитгул

Отправить ссылку в Одноклассники, Вконтакте, Мои мир, Facebook
Нравится
Рекомендовано к прочтению:
    Другие новости по теме:

  • «Икмәк – тормышның нигезе» - Хлеб- основа жизни
  • Сценарий проведения Дня Республики на казахском языке
  • Сценарий праздника на казахском языке для детей и взрослых
  • Сценарий Новый Год на казахском языке
  • Сценарий Выкуп невесты на татарском языке

  • Версия для печати
    СЦЕНАРИИ ПРАЗДНИКОВ
    ТЕМАТИЧЕСКИЕ СЦЕНАРИИ
    ДЕТСКО-ШКОЛЬНЫЕ СЦЕНАРИИ
    СЦЕНАРИИ ВРЕМЕН ГОДА
    СЦЕНАРИИ НА ЯЗЫКАХ
    ОРИГИНАЛЬНЫЕ СЦЕНАРИИ
    КОНКУРСЫ
    ПОДАРКИ
    СЧЕТЧИКИ


    Яндекс цитирования